logo
20 апреля 2025
ЖӘЧ-2025. Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңіліс
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жасөспірімдер әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Словения командасына қарсы өткізді. Есепті біздің хоккейшілер ашты, голды Артур Нұржанов салды. Словениялықтар артық құраммен есеп теңестірді, ал екінші кезеңде алға шықты. Есепті үшінші кезеңде Бексұлтан Мақыш теңестіре алды, ойын овертаймға өтіп, онда шайба салынбады. Нәтижесінде қарсылас матчтан кейінгі буллиттер сериясында басым түсті - 3:2. 

Словения U18 - Қазақстан U18 3:2 (1:1, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 06:54 - Нұржанов (Бритиков, Саркенов)
1:1 - 19:40 - Голоб (Ракович, Петрониеич Лепса) ГБ
2:1 - 24:47 - Зупан Скрль (Млакар, Хабьянич) ГБ
2:2 - 40:47 - Макыш (Нуржанов, Бритиков) 
2:3 - 65:00 – Бизьяк
Қақпашылар: Лыткин – Хебар
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ