logo
ЖӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы буллиттер бойынша Норвегиядан жеңіліп, топ-дивизиондағы орынды сақтап қала алмады

Топ-дивизиондағы орынды сақтайтын матчта Қазақстан құрамасы Норвегия құрамасымен кездесті. Бірінші кезеңде артықшылық норвегиялықтар жағында болды, қарсылас екі шайбамен алға шықты, олардың біріне Аристарх Киреев есе қайтарды. Ойынның екінші кезеңі де алаңның шартты иелерінің пайдасныа 4:3 есебімен аяқталды, біздің команданың активіне тағы екі голды Корней Корнеев пен Асанәлі Сәркенов жазды. Үшінші кезеңнің алтыншы минутында норвегиялықтар 5:3 есебімен алға шықты, бірақ Артур Глухих пен Мстислав Шипилиннің шайбалары ойынды овертаймға айналдыруға мүмкіндік берді. Барлығы матчтан кейінгі буллиттер сериясында шешілді, онда екінші серияда Норвегия хоккейшілері басым болды.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының топ-дивизионындағы орнын сақтап қала алмады. Бір жылдан кейін біздің жасөспірімдер ІА дивизионында өнер көрсетеді.

Норвегия – Қазақстан – (2:1, 1:2, 2:2, 0:0, 1:0)
1:0 – 06:30 – Ватне (Молде, Эриксен)
2:0 – 13:46 – Эриксен (Ватне, Солхейм)
2:1 – 17:15 – Корнеев (Черкасов, Киреев)
3:1 – 21:22 – Эриксен (Ватне, Дели)
3:2 – 28:41 – Божко (Корнеев, Киреев) ГБ
3:3 – 35:06 – Сәркенов Ас. (Дурглишвили)
4:3 – 36:15 – Аарам Олсен (Дели, Мире)
5:3 – 46:37 – Мире (Дели, Слетме-Кьярнет)
5:4 – 51:04 – Глухих (Симонов, Қажыбеков)
5:5 – 54:10 – Шипилин (Сәркенов, Әлібек)
5:6 – 70:00 – Ватне ПБ
Қақпашылар: Волберг - Толеубай

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ