logo
30 апреля 2024
ЖӘЧ-2024. Канададан жеңілген Қазақстан құрамасы орнын сақтау үшін Норвегиямен ойнайды
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінің қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Канада командасымен кездесті. Қарсылас 11 шайба салды, ал біздің хоккейшілер үш рет қана жауап бере алды. Асанәлі Сәркенов хет-трик жасады.

Қазақстан - Канада - 3:11 (1:3, 0:5, 2:3)
0:1 - 05:01 - Гринтри (Джозефсон)
1:1 - 11:34 - Сәркенов Ас. (Корнеев, Дурглишвили)
1:2 - 15:42 - Игинла (Ричи, Лучанко) 
1:3 - 17:12 - Массе (Маккена, Мартон) ГБ
1:4 - 23:02 - Бэдуин (Спенс, Жиль) 
1:5 - 24:40 - Мюс (Маккена, Мартон)
1:6 - 27:40 - Маккена (Денойер, Эйтченсон)
1:7 - 30:26 - Маккена (Мартон) 
1:8 - 36:18 - Мартон (Маккена, Мюс) 
2:8 - 40:39 - Сәркенов Ас. (Әлібек, Шипилин) ГБ
2:9 - 43:45 - Марелли (Гринтри, Денойер)
2:10 - 54:48 - Маккена (Элик, Мартон) ГБ
3:10 - 55:29 - Сәркенов Ас. (Әлібек, Глухих) 
3:11 - 56:37 - Брюник (Спенс, Бэдуин)
Қақпашылар: Алпысбаев (Лыткин, 30:26-60:00) - Джордж

Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орынды иеленіп, топ-дивизиондағы орнын сақтау үшін 2 мамыр күні Норвегиямен ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ