logo
29 апреля 2024
ЖӘЧ-2024. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі

Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Чехия құрамасымен кездесті. Бірінші кезеңде қарсылас екі шайбамен алға шықты, олардың біріне ойын кезеңінің соңғы минутында есе қайтарды, ойын кезеңі соңындағы голды Роман Большедворский соқты. Екінші кезеңде Корней Корнеев есеп теңестірді, бірақ екінші жиырма минуттың соңында қарсылас тағы да алға шықты. Александр Перкиннің нәтижелі соққысы ойынды овертаймға айналдыруға мүмкіндік берді. Матчтың нүктесін Мстислав Шипилин қойып, Қазақстан құрамасына әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісті сыйлады!

Чехия – Қазақстан – 3:4 (2:1, 1:1, 0:1)

1:0 – 13:37 – Кош (Сикора, Кубейша)

2:0 – 15:44 – Бенак (Полетин)

2:1 – 19:26 – Большедворский (Сағымбаев, Симонов)

2:2 – 23:15 – Корнеев (Сәркенов, Большедворский) ГБ

3:2 – 38:42 – Йехо (Титлбах)

3:3 – 52:45 – Перкин (Симонов)

3:4 - 64:03 – Шипилин (Черкасов)

Қақпашылар: Төлеубай - Милота

Қазақстан құрамасы құрамынан Роман Большедворский үздік ойыншы атанды, қорғаушы матчта алғашқы шайбасын салып, бір рет пас берді.

Келесі матчты Георгий Верещагиннің ойыншылары күні ертең «В» тобының көшбасшысы – Канада командасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ