logo
29 апреля 2023
ЖӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының Франциямен ойнайтын құрамы

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионаты аясындағы қорытынды матчын Франция командасына қарсы өткізеді. Сергей Старыгин ойыншыларының қоржынында үш жеңіс пен бір жеңіліс бар. Француздардың есебінде бір де бір жеңіс жоқ, екі ұпай бар, тіпті алдағы ойындағы жеңіс те турнир иелеріне А тобынан орын иеленуге мүмкіндік бермейді. Бұл кездесу біздің жасөспірімдер үшін шешуші болмақ, негізгі уақытта жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасы кесте көшін бастап, топ-дивизионға шығады. Ол үшін командаға небәрі үш ұпай қажет. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы алдағы ойынға құрамды өзгеріссіз қалдырды:

Қақпашы: Никитин (Истомин)

Жусупбеков – Решетько (А), Ляпунов – Русланулы (А) – Симонов (К)

Большедворский – Оразов, Нуркенов – Бейсембаев – Ким

Оспанов – Леута, Канкин – Мигунов – Ситников

Шакшакбаев, Гросс – Левковец – Корчагин

Амырканов

Бас бапкер: Сергей Старыгин

Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. Онлайн көрсетілім сілтеме бойынша қолжетімді - FANSEAT

Матчты сайттан көру үшін тіркеу қажет

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ