logo
26 апреля 2023
ЖӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы бірінші жеңілісіне ұшырады

IA дивизионындағы хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Дания командасымен кездесті. Есепті біздің хоккейшілер ашты, алайда әрі қарай қарсылас қатарынан төрт шайба лақтырды. Әділ Бейсембаев ойынның екінші кезеңінде есеп алшақтығын азайта алды, бірақ даниялықтар көп ұзамай қайтадан гол соқты. Содан кейін Александр Ким кем құраммен көзге түсіп, есепті 3:6 етті. Бірақ ойынның үшінші кезеңінде даниялықтар тағы екі шайба салып, ірі жеңіске жетті.

Қазақстан – Дания – 3:8 (1:3, 2:3, 0:2)
1:0 - 03:31 – Симонов (Русланулы, Ляпунов)
1:1 - 04:17 – Чиолдан (Молгард, Якобсен)
1:2 - 06:19 – Олссон (Бак, Андерсон)
1:3 - 17:47 – Олссон (Ниельсен, Эбенер) ГБ
1:4 - 26:14 – Ларсен (Сков, Каабер)
2:4 - 30:39 – Бейсембаев ГБ
2:5 - 32:32 – Моолгард (Олссон)
3:5 - 35:21 – Ким (Бейсембаев, Оспанов) ГМ
3:6 - 38:15 – Гроссман (Ниельсен)
3:7 - 52:18 – Олссон (Гроссман)
3:8 - 56:53 – Ларсен (Каабер, Сков)
Қақпашылар: Никитин (Истомин, 06:19-26:54) – Стайнбергс

Келесі матчты Сергей Старыгиннің ойыншылары күні ертең Украина командасына қарсы өткізеді. Матч 16:30-да басталады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ