Бірінші дивизионның А тобындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші матчында Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен кездесті. Бірінші кезең голсыз өтті. Ойынның екінші кезеңінде біздің хоккейшілер қатарынан үш шайба салды. Есепті Әділ Бейсембаев ашты, содан кейін Артур Гросс алыстан пас алып, қақпашымен бетпе-бет қалып, гол соқты. Бір минуттан кейін Бейсембаев Александр Ким берген пасты қабылдап, дубль жасады. Қарсылас Владимир Никитиннің қақпасын ала алмады. Нәтижесінде Қазақстан жеңіске жетті.
Венгрия-Қазақстан 0-3 (0-0, 0-3, 0-0)
0:1 - 20:51 – Бейсембаев (Корчагин, Ляпунов)
0:2 - 34:00 – Гросс (Жусупбеков)
0:3 - 35:02 – Бейсембаев (Ким)
Қақпашылар: Чала - Никитин
Келесі матчты Сергей Старыгиннің ойыншылары 24 сәуір күні Жапония командасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ