logo
15 мая 2021
Екінші Беларусь – Қазақстан матчы өтпейтін болды

14 мамыр Қазақстан құрамасы кезекті ПТР-тестілеуден өткеннен кейін делегация өкілдерінің бірінен Covid-19 анықталды. Қайта тапсырылған тест те оң нәтижені растады, сондықтан құраманың аталмыш өкілі 10 күндік өзіндік оқшаулауға кетті.

14 мамыр Қазақстан құрамасы кезекті ПТР-тестілеуден өткеннен кейін делегация өкілдерінің бірінен Covid-19 анықталды. Қайта тапсырылған тест те оң нәтижені растады, сондықтан құраманың аталмыш өкілі 10 күндік өзіндік оқшаулауға кетті. Бұл ақпарат пайда болғаннан кейін команда Латвияның індетке қарсы қолданыстағы қағидалары мен ИИХФ регламентіне сәйкес, оқшауланды.

Кешке команданың барлық өкілдері антидененің бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Тест нәтижелері Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетіне біздің командамызға әлем чемпионатының аясындағы әлдеқайда маңызды матчтар алдындағы қауіпті азайту мақсатында Беларусь құрамасымен матч өткізбестен жаттығуды жалғастыруға рұқсат етуге мүмкіндік берді.

16 мамырдан бастап, турнирдің барлық қатысушы командалары жоспарлы оқшаулауға кетеді. Әрі қарай жұмыс процесі бұған дейін бекітілген кесте бойынша қайта жүреді.

Қазақстан құрамасының штабы Латвияның атқарушы органдарына, ИИХФ өкілдеріне, сонымен қатар турнирдің ұйымдастыру комитетіне қиын жағдайда тәулік бойы ықпал етіп, жылдам жұмыс атқарып, жедел әрекет еткені үшін алғыс айтады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ