Всеволод Логвин: «Екінші кезеңде босаңсыдық»
IA дивизиондағы жастар әлем чемпионатының бірінші матчында Қазақстан құрамасына оңай болмады. Екінші кезеңде Венгрия хоккейшілері есеп теңестіріп, үшінші кезеңде ғана алға шығуға мүмкіндік туды. Всеволод Логвин дубль жасады, ойыннан кейін шабуылшы өткен матчқа қатысты пікір білдірді:
- Жақсы ойын болды. Бастапқыда бақылау бізде болды, екінші кезеңде босаңсыдық, бақылауды қарсыласқа беріп қойдық. Екінші кезеңде сүріндік десек те болады, ал үшінші кезеңде жиналып, бапкердің нұсқауын алдық. Шықтық та, мінез көрсеттік.
- Екінші кезеңде не болды?
- Сәл-пәл босаңсыдық, оларға қарсы жолдастық матч ойнадық та, олардың әлсіздеу екенін білдік, босаңсып қалдық. Мұны қарсылас көрді де, басты.
- Трибунада жанкүйерлер көп болды, оларға не дейсіз?
- Келіп, қолдап жатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, бұл бізді қамшылайды. Көп рақмет сіздерге!
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ