logo
1 мая 2022
«Otisium Qazaqstan» түзету және дамыту орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан құрамасының жаттығуын тамашалады

Аутистік спектрі бұзылған балалар –дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған «Otisium Qazaqstan» халықаралық спорт орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан құрамасының ашық жаттығуына қатысты. Балалардың өздері де хоккеймен айналысады, спорт оларға бейімделуге және дамуға көмектеседі. Өткен жаттығуда балалардың көпшілігі хоккейді өз көздерімен алғаш рет көрді.

«Аутизмнің бүгінгі таңда медициналық диагностикасы жоқ, - дейді орталықтың бас директоры Айсұлу Мәжен, - мұның неліктен болатынын ешкім білмейді және емі де жоқ. Ең бастысы – бұл әлеуметтендіру, бейімдеу және мұндай балалармен түзету жұмысын жүргізу. Балаларға үлкен мұзды, хоккейді, жаттығуды көрсету деген бірлескен идея туындады. Бүгін бізді Қазақстан құрамасының финалдық жаттығуын тамашалауға шақырды. Құрамамызға сәттілік, жеңістер мен толағай табыстар тілейміз, бүкіл Қазақстан болып жанкүйер боламыз!».

Жаттығудың видеосы сілтеме бойынша қолжетімді - https://youtu.be/bjqckg-uNvY

 

2021 жылы CDC (АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталықтары) 2018 жылғы деректерге сай, АҚШ-та туылған 44 баланың біреуінен аутистік спектр бұзылысы (АСБ) анықталғанын хабарлады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сай, 2021 жылдың басында елде 0-17 жас аралығында 6 295 590 бала болған. Егер 44-ке 1 статистикасын қолдансақ, Қазақстанда 143 081 баланың аутистік спектрі бұзылған (АСБ) деуге болады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ