Ригадағы хоккейден әлем чемпионатының матчында Қазақстан құрамасының құрамында бірден сегіз ойыншы дебют жасады. Әлемдік біріншілік деңгейінде алғаш рет ойнағандар: Максим Мухаметов, Батырлан Мұратов (екеуі де – 1999 ж.т.), Тамирлан Гайтамиров (2000 ж.т.), Максим Мусоров, Артем Королев, Әлихан Өмірбеков, Даниил Бутенко (барлығы – 2001 ж.т.), Дінмұхамед Қайыржан (2003 ж.т.). Бұған дейін бұл ойыншылар құраманың жасөспірімдер және жастар құрамдарында ойнады. Кирилл Полохов үшін бұл әлем чемпионаты топ-дивизиондағы алғашқысы болды, қорғаушы бұған дейін бірінші дивизионның А тобында ойнаған болатын.
Әлем чемпионатында Норвегиямен матчтағы өзінің және Қазақстан құрамасының алғашқы матчын Максим Мухаметов салды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ