logo
Волк, Сведберг пен Блэкер құрамаға қосылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. 4 мамыр күні ұлттық команда Латвиядағы «Даугава арена» мұзайдынында алғашқы жаттығуын өткізді. Ойыншылар Нұр-Сұлтаннан келісімен оларға сондай-ақ Кертис Волк («Автомобилист») және Виктор Сведберг («Авангард») қосылды. Араға бір күн салып, командаға Джесси Блэкер («Автомобилист») келіп жетті. Бұған дейін құрамамен бірге Нұр-Сұлтаннан Ригаға Павел Акользин («Металлург») аттанған болатын.

Pro Ligasy финалына қатысқан Қазақстан чемпионатының хоккейшілері Нұр-Сұлтаннан Ригаға жол жүрді. Олардың қатарында Саян Данияр, Михаил Рахманов, Эмиль Нургалиев, Қазақстан чемпионы атанған «Сарыарқаның» ойыншысы Денис Каратаев, сонымен қатар «арландық» Илья Румянцев бар.

Осылайша ЦСКА құрамында Гагарин кубогін жеңіп алған Даррен Дицтен басқа ойыншылар түгелдей дерлік әлем чемпионатына дайындалу үшін құрама сапына жетіп үлгерді. Қорғаушы Ригаға жақын уақытта жетеді.

8 және 9 мамыр күндері Ригада Қазақстан құрамасы Латвия командасына қарсы жолдастық матчтар өткізеді. 10 мамыр күні команда Хельсинкиге аттанып, онда 14 мамыр әлем чемпионатының алғашқы матчын Дания командасына қарсы өткізеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ