logo
28 апреля 2023
БАҚ назарына: Хоккейден Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы

2 мамыр күні сағат 11:00-де «Барыс Аренада» хоккейден Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтеді. Мұздағы жаттығулар аяқталғаннан кейін ойыншылар мен бапкерлер штабы баспасөзбен тілдесуге мүмкіндік алады. Мұздағы жаттығу шамамен 12:30-да аяқталады. Өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.

Ашық жаттығуға қатысу үшін ТАӘ, лауазымды, басылым мен байланыс деректерін көрсетіп, baikadamova@icehockey.kz e-mail-ына өтінім жіберу қажет. Хаттың тақырыбында ашық жаттығу деп көрсеткен жөн.

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін 6-қабатта баспасөз орталығы ашылады.

Еске сала кетейік, 5 және 7 мамыр аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» «1XBET Qazaqstan Hockey Open 2023» өтіп, оның аясында Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусь командаларымен матч өткізеді (турнирге аккредитация 4 мамыр күнгі сағат 14:00-ге дейін ашық болады). 9 мамыр күні құрама Ригаға аттанып, онда әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады. Әлемдік біріншілік 12 және 28 мамыр аралығында өтеді, Қазақстан құрамасы «В» тобында өнер көрсетіп, Канада, Латвия, Чехия, Словакия, Швейцария, Словения және Норвегия командаларымен ойнайды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ