logo
17 декабря 2023
Владимир Никитин – турнирдің үздік қақпашысы
Қазақстан құрамасының голкипері Владимир Никитин Венгрияда аяқталған жастар әлем чемпионатының (ІА) үздік қақпашысы атанды. Қазақстандық голкипер үздік статистика көрсетіп, сонымен қатар қатарынан екі дара марапат алып, Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы атанды.

Әлем чемпионатынжа ол 5 матч өткізіп, соңғысының екінші кезеңінде Артем Шестаковты алмастырды. Тойтарылған соққылар пайызы – 94, 44%, орта есеппен 1,48 шайба өткізді. Бұл ретте голкипер турнирдің басқа қақпашыларымен салыстырғанда мұзда барлығынан көбірек уақыт өткізді. 119 сейв пен 1 шатаут жасады.

Үздік қорғаушы болып Франция құрамасы Джеймс Эйр, ал ал шабуылшы болып оның отандасы Эмиль Тавернье танылды.  

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ