logo
18 июня 2024
Владимир Никитин мен Максим Мухаметов «Барысқа» өтті

Қазақстан құрамасы ойыншыларының ауыс-түйістерін бақылауды жалғастырамыз. Бүгін елордалық «Барыс» екі келісімшарт туралы жария етті.

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Владимир Никитин «Барыспен» бір маусымға екіжақты келісімшарт жасасты. Өткен маусымды голкипер Солтүстік Америкада өткізіп, Канаданың жасөспірімдер лигаларының бірі – Британдық Колумбияның Хоккей лигасында «Чиливак Чифс» клубы үшін ойнады. Өз клубы үшін ол тұрақты чемпионатта 25 матч, ал плей-оффта 3 матч өткізді. Еске сала кетейік, Никитин Венгрияда өткен бірінші дивизиондағы U-20 әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасына топ-дивизионға жолдама алуға көмектесті, бұл ретте жасы бойынша Канадада өтетін турнирде жастар хоккейінің элитасында алғаш рет ойнауға мүмкіндік алды. Голкипердің есебінде жастар құрамасы құрамында 10 матч бар. Жастар құрамасы 2023 жылы 1-дивизионда бірінші орынды алып, топ-дивизионға шыққан болатын. Жастар құрамасы үшін Владимир Никитин 5 кездесу өткізіп, жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында тамаша статистика көрсетті: әрбір ойында орта есеппен 1,48 шайба өткізіп, турнирдің үздік қақпашысы атанды.

Шабуылшы Максим Мухаметов бір маусым өткізген магниторскілік «Металлургтен» «Барыс» жүйесіне оралды. Форвард екі маусымдық мерзімге біржақты келісім жасасты. Қазақстан құрамасы үшін ойыншы 2023 жылы ойнап бастады, одан кейін ҚХЛ-дағы өзінің алғашқы келісімшартын магнитогорскілік клубпен жасасты. Шабуылшы ұлттық команда сапында барлығы 14 матч өткізіп, барлығы 5 (4+1) ұпай жинады. Сонымен қатар жастар жасөспірімдер және жастар құрамалары үшін өнер көрсетті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ