logo
13 декабря 2023
Владимир Никитин: «Әрбір матчқа финалға шығатындай дайындаламыз»
Қазақстан жастар құрамасының Францияға қарсы ойынындағы басты кейіпкерлердің бірі голкипер Владимир Никитин болды. ҰХЛ-ға драф алған командадағы жалғыз ойыншы осы матчта «құрғақ» жеңісті қанжығаға байлады. Біздің «жастар» көбіне-көп голкипердің сенімді ойынының арқасында жеңіп келеді. Sports.kz-ке берген сұхбатында Никитин турнирден алған әсерлерімен бөлісті.
- Жеңіс, алғашқы құрғақ жеңіс құтты болсын. Ойын қалай?
- Меніңше, жақсы командалық ойын болды, ұжым жұдырықтай жұмылды. Әрине, басы қиын болды, одан кейін жігіттермен сөйлесіп, екінші кезеңге жігерленіп шықтық, ойын біздің бақылауымызда болды.
- Команда матч өткен сайын жетіліп келеду деуге бола ма?
- Болады, себебі әрбір ойын сайын жеңілірек, сенімдірек ойнап келеміз. Шабуылда да, қорғаныста да сенімді ойнап келеміз, бұл сезіледі.
- Француздарды бұған дейін ойсырата жеңгенімізді ескерсек, осы ойынға дұрыс ниеттену қаншалықты маңызды болды?
- Біз ОЖЖ-ға, жігіттердің Санкт-Петерборда қалай ойнағандарына қарамаймыз. Ол ойындар сонда қалады. Әрбір матчқа финалға, соңғы ойынға шыққандай дайындаламыз.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ