logo
29 декабря 2023
Виктория Сазонова ИИХФ-ның халықаралық әйелдер хоккейін дамыту комитетіне қабылданды
Қыздар құрама командаларының бас менеджері Виктория Сазонова Халықаралық хоккей федерациясының халықаралық әйелдер хоккейін дамыту комитетіне қабылданды. Виктория – бұл комитеттегі азиялық алғашқы өкіл.
«Мұндай абыройдың бұйырғаны үшін үлкен жауапкершілікті сезінемін, - деді Виктория Сазонова. – Қазақстандық хоккейді танытып, мұны абыроймен атқарғым келеді». 
Виктория Сазонова өз хоккей жолында 20 жыл бойы Қазақстан ұлттық құрамасында ойнады. Ойыншы ретіндегі мансабын 2013 жылы аяқтады. 2022 жылы әлем чемпионатында юниор қыздар құрамасына жетекшілік етіп, 2023 жылғы Әлем чемпионатында қыздар құрамасының тәлімгері болды. 2022 жылдан бері қыздар құрама командаларының бас менеджері, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясының қыздар хоккейін дамыту жөніндегі директоры болып қызмет атқарады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ