6 ноября 2025
Виктория Сазонова: «Біз үшін мұндай мықты қарсыласқа қарсы ойнау – бақыт»

Жапония құрамасына қарсы өткен матч Қазақстан қыздар құрамасы үшін 0:6 есебімен аяқталды. Қарсылас команда – турнир фавориті әрі қазіргі чемпиондары. Матчтан кейін Қазақстан құрамасының бас менеджері Виктория Сазонова ойынды қорытындылады:
Шын мәнінде бізде мұндай жоғары деңгейдегі қарсыласпен ойнайтын бірде-бір турнир болған емес. Жапония құрамасы әлем чемпионатының топ-дивизионында өнер көрсетеді, ал біз – 1-дивизион, В тобының қатысушыларымыз. Бізді олардың деңгейінен 12 команда бөліп тұр. Қазір бізде осындай мықты қарсыласпен ойнауға мүмкіндік беретін турнир бар, және біз бұған асқан ризашылық білдіреміз. Олар жылдамырақ, күштірек. Бұл жерде ақталудың да, даулаcудың да қажеті жоқ – біз үшін олармен бір мұз айдынында ойнау және өз күшімізді сынау – үлкен бақыт. Өткен жылы осы турнирде – Азия чемпионатында біз оларға 0:9 есебімен жеңілген едік, себебі ол маусымның басы болатын. Біз өз маусымымызды қазанда бастаймыз және оған дейін бірде-бір жолдастық кездесу өткізбейміз. Ал ақпанда өткен Азия ойындарында Жапониямен 0:4 есебімен ойнадық – әзірге бұл оларға қарсы көрсеткен ең үздік нәтижеміз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ