logo
Виктория Сазонова: «Барымызды салып ойнаймыз»

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты қаңтардан жаздың ортасына қалдырылды. Біздің хоккей құрамамыз Алматыдағы біріншілікке дайындықты аяқтауда. 26 маусым күні Ыстамбұлға аттанады. Қыздарды Түркияға Қазақстан құрамасы сапындағы олимпиадалық ойындар қатысушысы – Виктория Сазонова апарады. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында бапкер ОЖЖ қорытындылады және турнирден не күтетінімен бөлісті.

- Виктория, әлем чемпионатының болатыны жақында ғана белгілі болды, барлығы дайын болмаған шығар?

- Шын мәнісінде, иә, қысқы спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының жазда өтуі болмаған жағдай. Қайта мүлдем өтпей қалмағанына рақмет, қаңтарда турнир мүлдем болмайды деген ақпарат болған. Қыздардың барлығының көңілі түсті, олар үшін бұл үлкен шара, жауапкершілік. Және чемпионат дегенмен өтеді деген шешім қабылданғанда, ойыншылар арасында сауалнама жүргізіліп, бір де біреуі қатысудан бас тартқан жоқ. Қыздар дайын, олармен жұмыс жасау бір ғанибет, құлшыныстары зор, оларға аз күш салып жатқаным жоқ. Біз физикалық тұрғыдан дайын болсақ қана жеңіске жете аламыз. Біз Медеуда дайындалып жатырмыз, екі реттік мұз бар, соққыларды шыңдап, жеңуге дайындалып жатырмыз.

- Құрам туралы айтып берсеңіз. Ойыншылардың жастары нешеде?

- Әлем чемпионаты 18 жасқа дейінгі, алайда Қазақстанда бұл жастағы ойыншылар жоқ. 16-17 жастағы ойыншылар жасы үлкендеу қарсыластармен ойнайды. Екіұшты жағдай, олар үшін бұл үлкен тәжірибе, келесі әлем чемпионатына жақсы дайындықпен қатысатын болады. Қыздар кімдерге қарсы шығатынымызды түсінеді, біз оларға ойындарды көрсеттік, ситуацияларды талдадық. Олар жастау, алайда кез келген минусты артықшылыққа айналдыруға болады. Қыздар өздерінің жастау, мықтырақ екенін біледі. Көздері жанып тұр, барымызды салып ойнаймыз.

- Қарсыластарды бағамдап үлгердіңіздер ме?

- Әлем чемпионатындағы қарсылас-команданың көптеген қатысушылары ересектер құрамасына шақырылып жүргендер. Біз ересек командалардың матчтарын қарап шықтық. Біз ұтымды пайдалана алатын сәттерді көрсеттім. Біздің міндет – физикалық тұрғыдан мықтырақ болу, жылдамырақ жүгіріп, біз мұнда пысықтап жатқан комбинацияларға басымдылық беру. Негізгі талап – өз орнымызда тәртіпті ойнау. Тәртіп барлығын шешеді.

- Кеңейтілген құрам ойыншылары қандай қалалардан жиналған?

- Алматы, Екібастұз, Өскемен, Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларынан.

- Күн тәртібі туралы толығырақ айтып берсеңіз?

- Екі апталық жиын үш циклмен жүреді, үш күн олар жаттығады, бір күн демалады. Демалыс дегенде қалай, біз мұзда күніне екі рет жаттығамыз, физикалық күш салмаймын, көбінесе тактиканы пысықтаймыз. Демалмайтын күндері біз жаттығудан бастаймыз, таңғы ас ішеміз, бір жарым сағаттық мұз бетіндегі жаттығуға барамыз. Әрі қарай соққылармен айналысамыз – техикалық сәттерді шыңдаймыз. Түстен кейін тағы бір сағат мұзда дриблингпен айналысамыз. Біршама демалып алып, күнделікті тактикалық жиындарды өткіземіз.

- Бас бапкер ретінде бұл сіздің алғашқы тәжірибеңіз бе?

- Бас бапкер ретінде, иә. Алайда біз бұған дейін U-18-бен Испанияға барғанбыз, ол кезде мен бапкер болдым. Бұл шаралардың барлығы бапкер және тәжірибелі ойыншы ретіндегі маған жақсы таныс.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ