ИИХФ тәуелсіз тәртіптік комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Виктор Сведберг #127 ережені бұзғаны – Таяқпен ұрғаны үшін бір матчтан аластатылды. Мұндай шешім Финляндияға қарсы матчтың 58-ші минутында болған Олли Мяятяға қатысты эпизод қайта қаралғаннан кейін қабылданды. Осылайша, Сведберг 25 мамырдағы АҚШ-пен кездесуді өткізіп алмақшы. Ойыншы 26 мамыр Германияға қарсы матчқа қатысады. Толығырақ IIHF.com-нан оқыңызда
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ