logo
Валерий Орехов: «Бір аластату – бір гол өткіздік»

Франциямен матчтағы жалғыз шайбаны Валерий Орехов салды. Матчтан кейін қорғаушы ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

- Жақсы бастадық, екінші кезеңнің соңында бақылауды қарсыласқа беріп қойдық, голдар өткіздік, кейін есе қайтара бастадық, алайда сәл-пәл жетпей қалды, кей жерлерде концентрация жетпеді, аластатулар артық болды. Есеп таблода. Бір аластату – бір гол өткіздік, бір шайба артта қалдық. Барлығы тартысты, тырысты, салғысы келді, алайда кей жерлерде қолдан келмеді, әрі қарай жұмыс жасаймыз.

- Блэкердің аластатылуы орынсыз ба?

- Әлдекімді кінәлауға болмайды, ол өзін, қақпашыны, команданы қорғады. Біз кем құраммен төтеп бере алмадық, сондықтан гол өткізіп алдық.

- Демалыс күні жағдайды түзейтін шығар?

- Иә, ойынды талқылап, демаламыз, әрі қарай тартысамыз.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ