logo
20 мая 2021
Валерий Орехов: «Үлкен алаңға бейімделіп жатырмыз»

Қазақстан ұлттық құрамасы 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Ригада өтетін элиталы дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда.

Қазақстан ұлттық құрамасы 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Ригада өтетін элиталы дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда.

Бүгін Юрий Михайлистің командасы «Рига» аренасында ерте жаттығу өткізді. Турнир басталғанша тағы бір жаттығу жоспарланған, ол ертең «Даугава» аренасының алаңында өтеді.

Юрий Михайлис, Қазақстан құрамасының бас бапкері

- Жаттығу жоспарға сай өтіп жатыр. Латвия командасымен бірінші матчқа дайындық үстіндеміз. Жігіттер елдің намысын қорғайтынын түсінеді, сол себепті барын салуда.

Валерий Орехов, Қазақстан құрамасының қорғаушысы

- Үлкен алаңға бейімделіп жатырмыз, оған әлі біздің уақытымыз бар. Жастар деңгейінде қарсылас болған басқа командалардағы, әсіресе, менің жасымдағы жігіттердің ойынын көру қызық болып тұр. Алайда қазір біздің бар назарымыз өз дайындығымызда. Алда қаншалықты дайын екенімізді көрсететін қысқа турнир тұр.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ