Валерий Орехов хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді, қорғаушы ойыннан аластатылған Виктор Сведбергті алмастырды. Матчтан кейін Қазақстан құрамасының ойыншысы өз командасының ойынын бағалап, алдағы Германиямен матчтан не күтетінімен бөлісті.
- Валерий, бүгін әлем чемпионатындағы дебютіңіз болды, қобалжу болды ма?
- Аз-маз қобалжу болды, алайда бірінші ауысымнан кейін өз ойынымызды ойнай бастадық. Сәл жолымыз болмады, алайда қызықты тәжірибе болды, тәжірибелі қарсыласқа қарсы жақсы ойын болды. Керемет, мен үшін де, команда үшін де жақсы тәжірибе.
- Америкалықтар ширақ қозғалысымен, қарқынымен таңғалдырды ма?
- Әрине, олар өте жылдам қимылдады, қорғаныста шайбамен жақсы ойнайды, негізінен ҰХЛ ойыншылары. Біз неге дайындалу керектігін және олардың қалай ойнайтынын білдік. Ештеңе жоқ, жақсы ойыншылар.
- АҚШ сияқты қауіпті шабуылдаушы командадан қорғану қаншалықты қиын?
- Біз бұл ойынға дайындалдық, біздің өзіндік жүйеміз бар, тек қорғаушылар ғана қорғанып қоймайды, біздің қорғаныста бүкіл құрам іске қосылады. Әрқайсысы бір-біріне көмектеседі, кім не істеу керектігін біледі. Біз тықсыру мен белсенді ойынға да дайынбыз. Біз өз ойынымызды ойнап, соны көрсетуіміз керек.
- Германиямен ойыннан не күтесіз?
— Олар жақсы команда, біздің сәл-пәл демалуға уақытымыз бар, бұл ойынды ертең талқылаймыз. Көреміз, берілген ережені орындап, жеңу үшін шығамыз. Біз жеңе алатынымызды білеміз, алғашқы ойындарда мұны көрсеттік, бізге барлығын көрсетеді, айтады, шығып, шайқасамыз.
- Бүгін қандай қателіктер болды?
- Кей жерлерде ойыншыларды өткізіп алдық, ауысымда асыра ойнадық. Бізді тықсырды, сол себепті кейбір сәттерде бапкерлердің көрсеткенін орындай алмадық, ойыншыны көрмей қалдық. Сондықтан осындай нәтиже болды.
- Германияны жеңу үшін не істеу керек?
- Меніңше, бапкерлердің сызып бергенін орындап, ел үшін шайқасу керек, әрбір сәтте барыңды салу керек. Бүгін демалып, ертең жеңуге шығамыз.
- Викториядағы дүниежүзілік жастар чемпионатында АҚШ-қа қарсы ойнадың. Бүгін де, сол кезде де саған қарсы Джейсон Робертсон мен Саша Хмелевски шықты. Ол ойыншылар есіңде ме және бүгінгі мен сол кездегі ойынды салыстыра аласың ба?
- Мен ол ойыншыларды танимын, біз жігіттермен олардың кімге қарсы ойнағанын талқыладық. Олар жақсы деңгейде ойнайды, олардың жастар чемпионатынан қалай қосылғанын көру қызық болды. Жақсы, тәжірибелі ойыншылар, ҰХЛ-да ойнайды, ұпай жинап жүр. Олардың ойынын көру қызық болды. Жақсы тәжірибе алдық.
- Ойыннан тыс уақытта бөлмеде немен айналысасыз?
- Қазір біздің кестеміз өте тығыз, артық уақыт жоқ. Біреу видеоойындар ойнайды, біреу сериал көреді, кітап оқиды, музыка тыңдайды, сөйлесеміз. Бізге қонақүйден шығуға болмайды, тек бөлмемізде отырып, дайындаламыз.
Фото: Ольга Бугаева
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ