logo
12 января 2023
Өскеменде U-18 қыздар құрамасының ОЖЖ басталды
26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Болгарияның София қаласында екінші дивизионның В тобында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. А тобына шығу үшін біздің қыздар Исландия, Жаңа Зеландия, Бельгия, Болгария және Эстония командаларымен тартысады. Өтіп жатқан жиынға Алматы, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Сәтбаев, Екібастұз және Астана қалаларынан қыздар жиналды. Жиындар 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Жасөспірім қыздар құрамасының бас бапкері Мария Федоренко «Торпедо» баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы жиындарға қатысты жоспарларымен бөлісті: «Өскеменде 10 күн өткізіп, аяқтаған соң Софияға ұшамыз. Қараша айында біз байқау жиынын өткіздік, қазір ел намысын қорғайтын ойыншылар ғана шақырылады. Осы ОЖЖ-да біз өзара іс-қимылдағы, звенодағы тактикалық жұмысқа, артық құрам мен кем құрамда ойнауға басымдылық бердік. Сондай-ақ әртүрлі жастағы жасөспірімдермен оқу-жаттығу ойындары өтеді. Әртүрлі жастағы жігіттермен бес матч, «Торпедо» қыздар командасымен бір ойын өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз олармен жақында кездестік, әрі қарай өз командаларымен Қазақстан чемпионатына қатыстық, тек жаңажылдық мерекелерде демалдық. Барлығы сақадай сай келді», - деді команда тәлімгері.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ