logo
22 ноября 2023
Өскеменде юниор қыздар құрамасының жиындары басталды

18 қарашада Өскеменде хоккейден Қазақстан юниор қыздар құрамасы (U18) жиындарының екінші кезеңі басталды. Қыздар 2024 жылдың 15 және 21 қаңтары аралығында Нидерландта өтетін екінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындалу үстінде. Еске сала кетейік, өткен біріншілікте біздің қыздар В тобында бірінші орын иемденіп, жоғарырақ топқа жолдама алған болатын.

Жалпы және арнайы физикалық дайындық бойынша жиындардың бірінші кезеңі тамыз айында Өскемен маңындағы «Алтайский берег» спорттық базасында өтті. Екінші кезең де Өскеменде Борис Александров атындағы спорт сарайының мұз алаңында өтіп, онда 28 үміткер жиналды. Жиындардың аясында «Торпедо-2011» және «Торпедо-2010» командаларымен бес бақылау матчын өткізу жоспарланып отыр.

Үшінші қорытынды кезең әлемдік біріншіліктің алдында, 4 қаңтарда басталады деп жоспарлануда. Бұл жиынға қатысатын юниор қыздар құрамасының түбегейлі құрамы белгіленді.

Құрамаға үміткерлердің кеңейтілген тізімі ұсынылды, оған 28 хоккейші, 3 қақпашы және 25 алаң ойыншысы кірді:
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз»)
Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008/«Жұлдыз»), Зере Тилеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана)
Шабуылшылар: Карина Амирова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация, Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен),  Аиша Мелс («Томирис», Астана)

Бас бапкер – Мария Федоренко
Бапкер – Наталья Яковчук
Бапкер – Дарья Дмитриева
Бас менеджер – Виктория Сазонова

 



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ