logo
17 февраля 2023
Өскеменде JAS NOMAD бағдарламасының таныстырылымы өтті

Өскеменде «JAS NOMAD» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасының таныстырылымы өтті. Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері бағдарлама туралы баяндап, «Торпедо», Риддер, сондай-ақ Ұлан және Глухов аудандары БЖСМ басшылары мен жаттықтырушыларын таныстырды. Сонымен қатар, таныстырылымғаШҚО ҚФХ, Хоккей әуесқойлары клубының өкілдері, «Торпедо» ардагерлері Юрий Тархов, Виктор Набоков және ШҚМУ профессоры Маяк Жақсылықов қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінде осындай іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Бағдарлама блоктары бағдарламаның ресми сайтында жарияланып қойды - http://jasnomad.kz/.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы, өскемендік хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, қазір бапкерлікпен айналысып жүрген Талғат Жайлауовтың қатысуымен 2014 жылы туылған хоккейшілерге арналған шеберлік сыныбы өтті.

«JAS NOMAD» бағдарламасы Қазақстанның хоккей федерациясының мамандары тарапынан Екатеринбург қ. Урал мемлекеттік дене шынықтыру университімен (УралМДШУ) және Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен (ҚР РОӘТО) бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (ҚР МСМ), «Самұрық-Қазына» қоры мен «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен әзірленді.

JAS NOMAD – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Бағдарламада қазіргі заманғы жетекші хоккей державалары мен ИИХФ-ның кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибе мен тәсілдер жинақталып, заманауи жағдайларға және жергілікті менталитетке бейімделген.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ