logo
1 июня 2022
Түркістанда жаңа мұз сарайының құрылысы жалғасуда
ҚХФ балалар-жасөспірімдер және бұқаралық хоккейді дамыту жөніндегі директоры Рустам Ибраев Түркістан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жалдықараевпен кездесу өткізді.

ҚХФ мен ДШжСБ өкілдері Түркістандағы 1200 орындық мұз сарайы құрылысының барысымен танысты.

Сонымен қатар салынып жатқан мұз сарайының қабырғасында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен балалар хоккейі бөлімін ашу қажеттілігі туралы келісімге қол жеткізілді.

«Түркістан облысы басшылығының өңірде балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға айтарлықтай көп көңіл бөлетіні қуантады, ал аталмыш объектінің салынуы мен балалар хоккейі бөлімінің ашылуы халықтың қысқы спорт түрлеріне, атап айтқанда, хоккейге қызығушылығының артуына серпін береді», - деді Рустам Ибраев.


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ