Петропавлда JAS Nomad бағдарламасы бойынша көшпелі семинар өтті

Қазақстанда хоккейшілерді даярлауға арналған республикалық «JAS NOMAD» бағдарламасын енгізу жалғасуда. Бұл жолы бағдарлама мамандары Петропавл қаласында көшпелі семинар өткізді. Оқытуға «Құлагер» академиясының жаттықтырушылары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы хоккей мектептері мен бөлімшелерінің мамандары қатысты. Облыс орталығына Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Аққайың және Есіл аудандарынан жаттықтырушылар келді. Семинар аясында спорттық-сауықтыру кезеңінде (5–7 жас) жұмыс істейтін бапкерлерге арналған теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Жалпы оқытуға «Құлагер» академиясының 8 жаттықтырушысы және Солтүстік Қазақстан облысындағы хоккей мектептерінің 9 жаттықтырушысы қатысты. Маусым соңына дейін Қостанай, Павлодар және Көкшетау қалаларында тағы бірнеше семинар өткізу жоспарланып отыр.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ