23 және 28 ақпан аралығында Павлодарда 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден IV қысқы Жастар спорттық ойындары өтеді. Жарыстарға қалалық және облыстық маңызы бар 9 өңірден командалар қатысады. Олар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Жетісу және Қостанай облыстары.
Жастар ойындарының ресми ашылуы 23 ақпан күні «Астана» мұз сарайында (Павлодар қаласы) Мәдениет және спорт министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі мен Қазақстанның хоккей федерациясы өкілдерінің қатысуымен өтеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ