Олимпиада алдындағы біліктіліктің шешуші матчында Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесті. Алғашқы артық құрамды алаң иелері жүзеге асырды, ізінше үстемдікті еке еселеді. Ойынның екінші кезеңінде Адам Лишка есепті 3:0 етті, алайда Никита Михайлис бір шайбаның есесін қайтарды. Ойын кезеңінің соңында Словакия ойыншысы Павол Регенда спортқа тән емес іс-қимылы үшін ойын соңына дейін аластатылды. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер шабуылды үдетті, алайда гол салынбады.
Словакия - Қазақстан 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)
1:0 - 04:54 - Лантоши (Гривик, Черешняк) ГБ
2:0 - 12:21 - Регенда (Князко, Поспишил)
3:0 – 30:16 - Лишка (Сикора)
3:1 – 35:52 – Михайлис (Метальников)
Қақпашылар: Главай - Шутов