logo
ҚХФ-да Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өнерін қорытындылау бойынша есеп беру жиыны өтті
Қазақстан хоккей федерациясының кеңсесінде Польшада өткен әлем чемпионатында Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының өнерін қорытындылауға арналған есеп беру жиыны өтті. Команданың бас бапкері Максим Худяков пен бас менеджері Александр Корешков баяндама жасады. Еске салсақ, Польшада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы турнирдегі бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, күміс жүлдені иеленген болатын. Кеңес барысында маусым қорытындылары шығарылып, құраманың халықаралық турнирлердегі, оның ішінде әлем чемпионатындағы өнерінің негізгі аспектілері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан жасөспірімдер құрамасын алдағы жарыстарға дайындаудың негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалды. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ