Қазақстан қалаларында қыздар хоккейі күндері өтті

Өткен демалыс күндері Қазақстанның төрт қаласы – Астанада, Қарағандыда, Алматы мен Өскеменде 4-9 жас аралығындағы қыздарға арналған ашық есік күндері өтті. Қалағандардың барлығы қатысып, мұз айдынында өздерін сынап көруге мүмкіндік алды. Жаттығулар Қазақстанның қыздар құрамасының ойыншылары мен тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен өткізілді.
World Girls’ Hockey Weekend 2011 жылдан бері дүниежүзі бойынша IIHF қамқорлығымен әлемдегі қыздар хоккейін таныту мақсатында өткізіліп келеді. Бұл – дүниежүзі бойынша қыздарға мұз айдынына шығып, хоккейде өздерін сынап көруге және кәсіби бапкерлермен жұмыс істеуге мүмкіндік.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ