logo
25 мая 2023
Финляндияда отандастарымыз еліміздің 2027 жылғы ӘЧ өткізуге өтінімін қолдау ретінде Қазақстанның ең үлкен туын желбіретті

Тампереде (Финляндия) Қазақстанның хоккей федерациясы мен жанкүйерлер 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтінім берген елімізді қолдау мақсатында Қазақстанның ең үлкен туын желбіретті. Қазақстанның ең үлкен туының ауданы 800 шаршы метрді құрайды.

Қазақстаннан бөлек, 2027 жылғы Әлем чемпионатын өткізуден Германия да үмітті. Біздің ел жеңген жағдайда, ойындар екі қалада: Астана мен Алматыда өтеді. ӘЧ өткізуге өтінім-хат 2022 жылдың 22 қыркүйегінде жіберілді.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың қыркүйегінде ИИХФ ресми делегациясымен елімізге ұйымның Президенті Люк Тардиф ат басын бұрды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ИИХФ басшысын қабылдап, еліміздің әлемдік біріншілікті өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бүгін 25 мамыр күні ИИХФ-ның жыл сайынғы конгресінде еліміздің турнир өткізуге берген өтінімі таныстырылды. Дауыс беру 26 мамыр күні өтеді, нәтижелер IIHF.com ресми сайтында, сондай-ақ Қазақстанның хоккей федерациясының icehockey.kz сайтында жарияланады.  

Думан Қожахметов – науқанды ұйымдастырушы:

«Бүгін Тампереде біз өз елімізді қолдап, Қазақстанның ең үлкен туын желбіреттік. Біз 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда өткенін қалаймыз. Біздің елде оған қажеттінің барлығы бар: хоккей дәстүрі, дамыған инфрақұрылым, кәсіби команда және осы тамаша спорт түріне деген жанкүйерлердің өлшеусіз ықыласы. Әлемдік деңгейдегі жарысты өткізу Қазақстанда хоккейдің әрі қарай дамуына үлкен серпіліс береді».

Еске сала кетейік, Қазақстанның ұлттық құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатындағы ойынын «В» тобында 6-орынмен аяқтады, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы командалық кестеде 11-орынды иеленді. 2024 жылы біздің команда өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының элиталық дивизионында қатарынан төртінші рет өнер көрсетеді. 2024 жылғы Әлем чемпионаты 10 және 26 мамыр аралығында Чехияның екі қаласы: Острав пен Прагада өтеді.

    

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ