Астанада PRO Ligasy төрешілерінің оқу-жаттығу жиындары аяқталды

Астанада PRO Ligasy төрешілерінің оқу-жаттығу жиындары аяқталды.
Жиынға 30 төреші қатысты. УТС аясында мамандар дене дайындығы бойынша мұздағы нормативтерді орындап, теориялық тест тапсырды, хоккей ережелеріндегі өзгерістермен танысты және психологтың дәрісіне қатысты.
Жиын бағдарламасы төрешілердің кәсіби деңгейін арттыруға, теориялық және физикалық дайындығын жетілдіруге, сондай-ақ хоккейдің қолданыстағы ережелерін бірізді түсіну мен дұрыс қолдануға бағытталды.
Оқу-жаттығу жиындары PRO Ligasy жаңа маусымына төрешілерді дайындаудың дәстүрлі бөлігі болып табылады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ