Астанада ұлттық команданың ОЖЖ басталды

Хоккейден Қазақстан ұлттық командасы Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңіне кірісті. Бірінші кезең 17 сәуірде аяқталады. 18 сәуірде хоккейшілер кеңейтілген құраммен Минскіге аттанып, онда әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады және жергілікті командалармен жолдастық матчтар өткізеді. 28 сәуірде құрам Польшаға жетіп, онда жиындардың қорытынды кезеңі өтеді. IA дивизионындағы әлем чемпионаты Польшаның Сосновец қаласында 2 және 9 мамыр аралығында өтеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ