logo
7 декабря 2023
Астанада балалар командалары арасындағы «SAMRUK BALA CUP 2023» республикалық турнирі өтеді

2023 жылдың 11 және 14 желтоқсаны аралығында Астана қаласындағы «Барыс» спорт кешенінде балалар командалары арасындағы «SAMRUK BALA CUP 2023» республикалық турнирі өтеді.

Турнирге 2014 және 2015 ж.т. жас хоккейшілер, сондай-ақ 2012-2014 ж.т. қыздар қатыстырылады.

Турнирге Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 24 команда қатысады деп күтілуде. Мұнан басқа, Турнирге Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасынан командалар қатысады. 3000-нан астам бала қатысады деп болжанып отыр.

Турнир «Cross Ice» форматының ережелері бойынша жүргізіледі. Командалар жеребе тастау арқылы 4 топқа бөлінеді. Айналымдық жүйемен өтетін топтық кезең аяқталғаннан кейін топтарда алынған орындарға сәйкес түйіспе матчтар өтеді. Түйіспе және финалдық кездесулер соңғы жарыс күні өтеді. Турнирдің барлық қатысушылары Турнир қатысушыларының медальдарымен, ал жеңімпаз команда мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі кубоктермен марапатталады.

Турнирдің ашылуы 11 желтоқсан күні «Барыс» спорт кешенінде (Қажымұқан к., 9) сағат 11:45-те өтеді. Жабылу және марапаттау салтанаттары 14 желтоқсан күні сағат 20.00-де өтеді.

«SAMRUK BALA CUP 2023» ел тарихындағы ең ірі балалар хоккей турнирлерінің бірі болмақ. Мұнан басқа, бас демеушісі «Samruk-Kazyna-Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылатын «ALTYN SHAIBALY» жобасы аясында жоспарланған балалар турнирлері сериясының алғашқы турнирі. Жобаның миссиясы – балалардың хоккейге деген қызығушылығын арттыру және балалар-жасөпірімдер шайбалы хоккейін Қазақстан Республикасында кеңінен насихаттау.

Турнир қонақтары – «Samruk-Kazyna-Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Астана қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстанның хоккей федерациясы» РҚБ өкілдері. Мұнан басқа, жас хоккейшілерді қолдау үшін танымал хоккейшілер, елдің ұлттық құрама командаларының мүшелері келеді.

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ