logo
27 февраля 2023
Алматыда JAS NOMAD бағдарламасының таныстырылымы болып өтті

Алматыда «JAS NOMAD» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасының таныстырылымы өтті.

Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері бағдарлама туралы баяндап, олармен Алматы және Шымкент қалаларындағы балалар хоккей мектептерінің басшылары мен жаттықтырушыларын таныстырды.

Бағдарлама блоктары бағдарламаның ресми сайтында жарияланып қойды - http://jasnomad.kz/.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы, қазір бапкерлікпен айналысып жүрген Талғат Жайлауовтың қатысуымен 2014 жылы туылған хоккейшілерге арналған шеберлік сыныбы өтті.

«JAS NOMAD» бағдарламасы Қазақстанның хоккей федерациясының мамандары тарапынан Екатеринбург қ. Урал мемлекеттік дене шынықтыру университімен (УралМДШУ) және Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығымен (ҚР РОӘТО) бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің (ҚР МСМ), «Самұрық-Қазына» қоры мен «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен әзірленді.

 

JAS NOMAD – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Бағдарламада қазіргі заманғы жетекші хоккей державалары мен ИИХФ-ның кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибе мен тәсілдер жинақталып, заманауи жағдайларға және жергілікті менталитетке бейімделген.

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ