logo
5 апреля 2024
Қазақстан құрамасының ОЖЖ 10 сәуірде басталады
10 сәуірде «Барыс Аренада» 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталады.
«Біз өзімізді қызықтырған барлық хоккейшілерге ұлттық командаға шақыртулар жібердік. 10 сәуір күні «Барыс Аренада» маусымды өз клубтарында аяқтаған ойыншылардың барлығы жиналады. Қалғандары Гагарин кубогі мен Қазақстан чемпионатының плей-оффтағы ойындарында аяқталғаннан кейін қосылады», - деді ОЖЖ басталуына қатысты Қазақстан құрамасының бапкері Ғалым Мәмбетәлиев.
Еске сала кетейік, 10 және 24 мамырда Чехияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Біздің ұлттық құрама «В» тобында ойнайды, онда топтық кезеңде АҚШ, Швеция, Словакия, Латвия, Германия, Франция және Польша құрамаларымен кездеседі.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ