logo
6 июля 2022
Сергей Дроздов өмірден озды
Сергей Владимировичтің қазақстандық хоккейге ерен еңбегі сіңді. Қазақстанның құрметті мәдениет және спорт қайраткері қазақстандық хоккей федерациясының негізі қаланған кезден бастап вице-президенті болды. Шығыс Қазақстан облысында хоккейдің және тұтас ел бойынша барлық спорт түрлерінің өркендеп-дамуына елеулі үлес қосты. Жастар және ұлттық құрамалармен бірге 1997 және 2008 жылдар аралығында команда жетекшісі ретінде әлем чемпионаттарына аттанды. Өткен жылы Сергей Дроздов 75 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.

Сергея Владимировичтің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ