Дүниежүзілік Қысқы универсиаданың топтық кезеңінің қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездесті. Бұл кездесу А тобының көшбасшысын анықтады. Есепті біздің хоккейшілер ашты, турнирдегі алғашқы голды Әділ Бейсембаев салды. Алайда екінші ойын кезеңінің соңғы минутында қарсылас есеп теңестірді. Үшінші кезеңде чехтер тағы екі шайба салып, осы матчта жеңіске жетті.
Қазақстан - Чехия - 1:3 (1:0, 0:1, 0:2)
1:0 - 17:06 - Бейсембаев (Ляпунов)
1:1 - 59:03 - Колда (Неделька, Бречко) ГБ
1:2 - 46:22 - Бречко (Хасман) ГБ
1:3 - 52:19 - Хренка (Бернат)
Қақпашылар: Павленко - Скорпик
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдің плей-оффына үшінші орынмен шықты және ширек финалда Словакия командасымен ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ