Италиядағы Студенттік ойындардың А тобындағы басты фавориттердің бірі – Канада командасымен матчта Қазақстан құрамасының хоккейшілері кем құраммен бірінші болып шайба өткізіп алды. Жағдай екінші кезеңде 3-ке 5 форматымен ойын барысында түзелді: голды қазіргі таңдағы турнирдің үздік бомбардирі Андрей Буяльский салды. Одан кейін Иван Гавриленко команданы ойын кезеңінің аяқталуына 5 минут қалғанда алға шығарды, және осынысы үшін қазақстандықтар 7 айыппұл алды. Үшінші кезеңде артық құрам ұйымдастырған Максим Мусоров үстемдік орнатты. Ойынның аяқталуына бір минуттан аз уақыт қалғанда канадалықтар есеп алшақтығын азайтты, ал көп ұзамай қақпашыны алып тастап, ойынды овертаймға айналдырды. Жеңімпаз овертаймда да анықталмады. Матчтан кейінгі буллиттер сериясында қарсылас басым түсті: бес айып соққысының біз біреуін, олар екеуін жүзеге асырды. Жеңіс Канада құрамасына тиесілі.
Канада – Қазақстан – 4:3 (1:0, 0:2, 2:1, 1:0)
1:0 – 09:08 – Лавин (Корбел) ГБ
1:1 – 21:17 – Буяльский (Мусоров) ГБ
1:2 – 35:05 – Гавриленко (Шульга)
1:3 – 43:53 – Мусоров (Буяльский, Шульга) ГБ
2:3 – 59:06 – Генгенбах (Мутала)
3:3 – 59:26 – Френет
4:3 – 65:00 – Френет ПБ
Қақпашылар: Эдмондс – Амирбеков
Матчта 54 соққыға тойтарыс берген голкипер Джелал-Ад-Дина Амирбековтің ойынын атап өткен жөн.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 7 балмен А тобының екінші қатарына ойысты. Кестеде Чехия 8 ұпаймен көш бастап тұр, Канада үшінші орында тұр.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ