logo
9 января 2025
Универсиада-2025. Қазақстан ерлер және қыздар құрамалары матчтарының кестесі

XXXII Қысқы Универсиаданың хоккей турнирі 11 және 22 қаңтар аралығында Турин төңірегіндегі екі аренада өтеді. Ерлер құрамасы Пинероло қаласында, А тобында өнер көрсетеді. Біздің қарсыластарымыз – Корея, Канада, Швеция және Чехия. Б тобында плей-офф үшін Словакия, Жапония, Украина, Польша және АҚШ тартысады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 1-ден 4-ке дейінгі орындарды иеленген командалар турнирдің ширек финалына шығады.

Қазақстан ерлер құрамасы матчтарының кестесі:

2025 жылғы 12 қаңтар, 20:30 – Швеция – Қазақстан

2025 жылғы 14 қаңтар, 20:30 – Қазақстан – Корея

2025 жылғы 16 қаңтар, 00:00 – Канада – Қазақстан (15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні)

2025 жылғы 17 қаңтар, 00:00 – Қазақстан – Чехия (15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні)

Универсиаданың қыздар турнирінде Қазақстан құрамасы Б тобында, Туриндегі Пала Тацоло аренасында өнер көрсетеді. Біздің қыздарға қарсы Жапония, Чехия және АҚШ ойнайды. А тобында Қытайлық Тайпей, Ұлыбритания, Канада және Словакия ойнайды. Қыздар турнирінің плей-оффы жартылай финалдық кезеңнен басталады, әрбір топтан екі командадан шығады.

Қазақстан қыздар құрамасы матчтарының кестесі:

2025 жылғы 13 қаңтар, 00:00 – Жапония – Қазақстан

2025 жылғы 14 қаңтар, 20:00 – Чехия – Қазақстан

2025 жылғы 16 қаңтар, 20:30 – Қазақстан – АҚШ

Қысқы Универсиада жарыстарын QAZSPORT телеарнасы көрсетеді. Хоккей турнирінің көрсетілімдерін ұйымдастырушылар (FISU) тек жартылай финалдық кезеңнен бастап түсіреді және көрсетеді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ