logo
14 января 2025
Универсиада-2025. Ерлер құрамасы Кореяны ойсырата жеңді

Қысқы Универсиаданың екінші матчында Қазақстан құрамасы 7 гол салып, Кореяны ойсырата жеңді. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер үш шайбамен алға шықты: Александр Панченко, Николай Шульга мен Руслан Демин көзге түсті. Ойынның екінші кезеңінде екі голды Андрей Буяльский мен Кирилл Никитин салды. Финалдық кезеңнің ортасында корейлік хоккейшілер бір шайбаның есесін қайтарды, алайда көп ұзамай Семен Симонов пен Денис Чапоровтан тағы екі гол өткізіп алды. 7:1 – сенімді түрде жеңіске жеттік.

Қазақстан – Корея - 7:1 - (3:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 09:06 - Панченко (Бейсембаев) ГМ

2:0 - 10:50 - Шульга (Буяльский)

3:0 - 18:31 - Демин (Жусупбеков)

4:0 - 35:32 - Буяльский (Мусоров)

5:0 - 38:57 - Никитин (Ляпунов) ГБ

5:1 - 51:29 – Шин (Джанг) ГМ

6:1 - 51:43 - Симонов

7:1 - 56:45 - Чапоров

Қақпашылар: Павленко – Ким

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ