logo
22 января 2023
Универсиада-2023. Қазақстан құрамасы Канадағы жол беріп, «қола» үшін тартысады

Дүниежүзілік Универсиаданың жартылай финалдық матчында Қазақстан құрамасы Канадаға қарсы матч өткізді. Бірінші кезеңде қарсылас есеп ашты, екінші кезеңде Саян Данияр артық құраммен есеп теңестірді. Алайда канадалықтар тағы үш шайба салды. Үшінші кезеңнің басында Денис Каратаевті қақпада Андрей Шутов ауыстырды және кездесу соңына дейін әрі қарай шайба салынған жоқ.

Канада – Қазақстан – 4:1 - (1:0, 1:3, 0:0)

1:0 - 09:20 – Янцис (Пакет, Лафранс)

1:1 - 24:31 – Бутенко (Мухаметов) ГБ

2:1 – 31:23 – Кинг

3:1 – 33:54 – Дэвис (МакФерсон, Лафранс)

4:1 - 37:36 – Янцис (Уолфорд)

Қақпашылар: Эдмондс – Каратаев (Шутов, 40:00-60:00)

Бірінші жартылай финалда АҚШ құрамасы овертаймда Жапонияны жеңді. Осылайша, Универсиаданың хоккей турнирінің финалында Канада мен АҚШ кездеседі. Қазақстан құрамасы Жапониямен матчта қола медальдар үшін бүгін 22 қаңтарда таласады. Кездесу Астана уақытымен 22:05-те басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ