Дүниежүзілік Универсиаданың топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы ойнады. Бірінші кезеңде-ақ біздің хоккейшілер бес жауапсыз шайба салды. Артем Королевтің жылдам шайбаларының ізінен Абай Маңғысбаевтың дублі, Максим Мусоров пен Олег Бойконың голдары ілесті. Екінші кезеңде қарсыластың қақпасына тағы үш шайба аттанды, Саян Данияр, Станислав Александров нәтиже көрсетті, Максим Мусоров артық құрам ұйымдастырды. Үшінші кезеңде тағы бір голды Саян Данияр салды, қарсылас кездесу соңында бір шайба сала білді. Есеп 9:1. Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан - Венгрия 9:1 (5:0, 3:0, 1:1)
02:13 - 1:0 - Королев (Демин)
04:31 - 2:0 - Мангисбаев (Демин)
07:01 - 3:0 - Мусоров (Данияр, Демин)
12:08 - 4:0 - Бойко (Королев) ГБ
16:29 - 5:0 - Мангисбаев (Омирбеков)
25:23 - 6:0 - Александров (Диханбек)
29:17- 7:0 - Данияр (Демин, Диханбек)
34:11 - 8:0 - Мусоров (Демин) ГБ
49:34 - 9:0 - Данияр (Мусоров, Полохов) ГБ
54:26 - 9:1 - Ковач (Наги)
Қақпашылар: Каратаев - Саги
Келесі матчты Ғалым Мамбеталиевтің ойыншылары Ұлыбританияға қарсы 16 қаңтар күні Астана уақытымен 7:00-де өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ