logo
17 января 2023
Универсиада-2023. Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді

Қысқы Универсиада хоккей турнирінің топтық кезеңінің төртінші матчында Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесті. Осы ойын алдында қос команданың ұпай саны тең – 12 балл болды. Кестенің бірінші қатарына таласқан матчта біздің хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты, голды Максим Мухаметов салды. Екі минуттан кейін Станислав Александров үстемдікті екі еселеді, ал бірінші кезеңің соңына қарай Батырлан Мұратов есепті 3:0 етті. Екінші кезеңде матчтың нүктесін Олег Бойко қойды.

Қазақстан - Словакия 4:0 (3:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 07:26 - Мухаметов (Муратов, Никитин) ГБ

2:0 - 09:56 - Александров (Королёв, Логвин) - ГБ

3:0 - 19:24 - Муратов (Мухаметов)

4:0 - 28:45 - Бойко (Муратов, Никитин)

Қақпашылар: Шутов – Вылетелка

Топтық кезеңнің келесі қорытынды матчын біздің құрама АҚШ-қа қарсы ертең, 18 қаңтар күні өткізеді. Матч Астана уақытымен 20:30-да басталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ