logo
24 января 2024
Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирі өтпейтін болды
Сеймологиялық жағдайға, сонымен қатар қатысушы-командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы тарапынан 2024 жылдың 1 және 4 ақпаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу туралы шешім қабылданды. Турнирдің кейінірек мерзімге ауыстырылуы жөнінде қосымша хабарланады. Барлық жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс білдіреміз, сатып алынған барлық билеттер қайтарылады. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ