logo
15 апреля 2023
Қазақстанның үш құрамасы (U-12, U-13, U-14) Владислав Третьяк кубогіне қатысады

Қазақстанның үш: U-12 (2011 ж.т.), U-13 (2010 ж.т.) және U-14 (2009 ж.т.) құрамалары Владислав Третьяк Кубогі ойнатылатын хоккейден бүкілресейлік жарыстарға қатысады. Барлық санаттарда командалар екі топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы қарсыластарының әрқайсысымен бір матч өткізеді. Жарыстың соңғы күнінде өз топтарында бірдей орын алған командалар орындардың түпкілікті бөлінуін анықтау үшін бір-бірімен кездеседі.

15 сәуір күні Великий Новгородта Владислав Третьяк Кубогінің жарысы басталды, онда Қазақстан құрамасы U-12 (2011 ж.т.) «Б» тобында өнер көрсетеді. Осы кезеңде біздің жасөспірімдердің қарсыластары «Динамо» (Санкт-Петербург), «Наследие» СМ (Симфеорополь), «Сибирь» (Новосибирск), «Северсталь» (Череповец), ЦСКА (Мәскеу) болмақ. «А» тобында «Автомобилист» (Екатеринбург), «Амур-1» (Хабаровск), «Торпедо» (Нижний Новогрод), Р. Салей ОРМБЖМ (Минск, Беларусь), «Созвездие» (Воронеж) және Йети (Великий Новгород) ойнайды. Жарыс 21 сәуірде аяқталады.

U-12 Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:

15 сәуір, 19:00 – ЦСКА – Қазақстан құрамасы

16 сәуір, 19:00 – Қазақстан құрамасы – «Сибирь»

17 сәуір, 17:00 – «Наследие» - Қазақстан құрамасы

19 сәуір, 19:00 – Қазақстан құрамасы – «Динамо» Спб.

20 сәуір, 17:00 – «Северсталь» - Қазақстан құрамасы

*Астана уақыты көрсетілген

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ