ИИХФ-ның ресми матчтарындағы олимпиадаалды біліктіліктің финалдық раундының матчында ұлттық құрама үшін үш хоккейші – шабуылшылар Руслан Демин мен Руслан Оспанов, сондай-ақ қорғаушы Эдуард Михайлов дебют жасады.
«Сарыарқа» форварды Руслан Демин әлем чемпионаттарында жасөспірімдер және жастар құрамалары үшін өнер көрсетіп, әрбірі үшін 10 матчтан өткізді. «Барыс» шабуылшысы Руслан Оспановтың да 18 және 20 жасқа дейінгі құрама командалар үшін ойын тәжірибесі бар, барлығы 20 матч өткізді. «Арланның» қорғаушысы, қазіргі Қазақстан чемпионы Эдуард Михайлов еліміздің клубтарында 2018 жылдан бері ойнайды, сонымен қатар өскемендік «Торпедо» мен петропавлдық «Құлагер» үшін өнер көрсеткен.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ