logo
5 декабря 2025
«Жастардың» үш дублі Словенияға қарсы матчта жеңіс сыйлады
IA дивизионында өтетін жастар әлем чемпионаты алдында өткен жолдастық матчта Қазақстан жастар құрамасы алдағы турнирдің қожайындары – Словения командасымен кездесті. Есепті алғаш болып қазақстандықтар ашты, алайда көп ұзамай словендер есепті теңестіріп қана қоймай, матчтың екінші бөлігінде алға шықты. Біздің хоккейшілер жағдайды түзеп, кезең соңына қарай екі шайба айырмасымен алға шықты. Ойынға нүкте қойған — Асанәлі Сәркенов. Ол дубль жасады, сондай-ақ Тимур Миндубаев пен Роман Двуреченский де екі-екі шайба соқты. Есеп — 6:3, жеңіс біздікі. Словения U20 – Қазақстан U20 – 3:6 (1:2, 2:3, 0:1) 0:1 – 02:21 – Миндубаев (Божко) 1:1 – 06:17 – Шпари Лебен (Голичич, Зупанчич) 1:2 – 12:19 – Двуреченский (Ибрагим) 2:2 – 23:26 – Шпари Лебен (Голичич, Хробат Племелж) ГБ 3:2 – 26:32 – Шпари Лебен (Голичич) ГБ 3:3 – 31:39 – Миндубаев (Божко) 3:4 – 33:52 – Сәркенов Ас. (Саркенов Әл.) 3:5 – 38:06 – Двуреченский ГБ 3:6 – 54:18 – Сәркенов Ас. (Корнеев, Әлібек) ГБ Қақпашылар: Главич – Ряшин (Алпысбаев, 56:22-60:00) БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ